LEZ аумағында қандай қағидалар қолданылады

Шығарындылар нормативі шектен асқан көлік құралдарын пайдаланғаны үшін айыппұлдар салынады.

Көлікке қойылатын талаптармен қатар LEZ аумағында ауа ластануы деңгейін азайтуға бағытталған қосымша шаралар қолданылады.

LEZ аумағында мына әрекеттерге тыйым салынады

тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды өртеуге;

шина, пластик және басқа да ауаны ластайтын материалдарды өртеуге;

газ жүргізілген аймақтарда көмір, отын және сұйық отын пайдалануға;

пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға.

Кәсіпорындарға

Кәсіпорындар экологиялық талаптарды орындауға, шығарындыларды тазалаудың жұмысқа жарамды жүйелерін пайдалануға міндетті.

Құрылыс
алаңдары үшін

Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде шаң мен зиянды заттар шығарындыларын төмендетуге бағытталған талаптарды сақтау керек.

Коммуналдық
қызметтер үшін

Көшелерді тазалағанда және күтім көрсеткенде, ауаның ластануын барынша төмендететін әдістерді пайдалануы керек.