Шығарындылары төмен аймақ не үшін қажет

LEZ ауа ластануы деңгейін төмендету және қаланы тұрғындар үшін қауіпсіз ету үшін қажет.

Аймақта көлікке және басқа да шығарынды көздеріне қойылатын арнайы экологиялық талаптар қолданылады.

Аймақ операторы – Алматы қаласы жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының ШЖҚ «Алматы паркинг» КМК

Төлем

Аймақ сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, төлем алынбайды

Ауа

LEZ қаладағы ең қатты ластайтын көліктердің санын азайтуға көмектеседі.

Бұл зиянды заттардың шығарындыларын азайтып, ауа сапасын біртіндеп жақсартады.

Негізгі көрсеткіштер

NOx шығарындыларын азайту

PM2.5 және PM10 шығарындыларын азайту

PM және NO₂ бойынша ДСҰ ұсыныстарын орындау

Халықаралық тәжірибе

Денсаулық

Ауаның ластануы денсаулыққа қалай әсер етеді

Ауаның көліктен ластануы астма, жүрек-қан тамыр аурулары, өкпе қатерлі ісігі, мерзімнен бұрын өлім қауіп-қатерін арттырады.

Бұның кері әсері әсіресе балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге және көлік қозғалысы қарқынды жолдарға жақын тұратын тұрғындарға зиян.

Негізгі деректер

4

Инсульт пен инфаркттан болатын әрбір төртінші өлім ауаның ластануымен байланысты.

10

Алматыда жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан қаза болатын адамдарға қарағанда шамамен 10 есе көп адам ауаның ластануынан қайтыс болады.

6

Астмамен ауыратын балалардың әрбір алтыншысы автокөлік шығарындыларының әсеріне ұшыраған.

100–500

Көлік қозғалысы қарқынды жолдардан 100–500 метр қашықтықта тұратын немесе жиі болатын адамдар ең жоғары қауіпке ұшырайды.

Әлемдік тәжірибе нені көрсетеді

LEZ енгізілгеннен кейін:

8%

тыныс алу жолдары аурулары азайған

17–18%

ауруға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайлары азайған

4,5%

денсаулыққа қатысты ұзақ мерзімді мәселелер азайған

14,5%

өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) азайған

балалардағы астма ұстамалары азайған.

*өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Заңнама

LEZ Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 272 шешімімен бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларына сәйкес енгізілді.

Толығырақ